kk
Gratis
Смағұл Елубай

Бір дорба асық

  • Assel Tulegenovamembuat kutipan2 tahun yang lalu
    Шонайдың туған жері Үстірт үсті болғанымен, ес біліп, етек жапқан жері Қарақалпақтың Шоманай, Қоңырат аудандары. Қазір де сол елден келеді. Бағыты — Алматы. Сонда адам болған ұлы туралы. Сағынып келе жатқаны бірақ ол емес. Анау Едіге дейтін жеті жасар немересі. Сол жаманы алдан қол бұлғап тұрғандай, тынышы кетіп, мойнын созып терезеге қарай береді. «Әй, күшік - ай» дейді немересінің кейбір сүйкімді қылықтарын еске алып. Жазға салым бұл елге жүрейін деп жатса, «Ата!» деп балпылдап, жанқалтасына әлденені тыққыштап жатыр. «Әй, бұның не?» десе, немересі: «Бұл қалта! Ауылдан асық алып кел!» дейді. Екі беті томпиып, ерні салбырап кетіпті. «Әй, күшік - ай...» Шонай алты ай жаз Қоңырат, Хожелі, Шоманай, Нөкістегі ағайын, жекжаттарды аралап қонақасы жеген сайын, асығын әлгі немересі беріп жіберген кішкентай қалтаға сала берді. Ол қалта жаз аяғына таман толған. Қазір қоржын түбінде жатыр. Қалта толы асықты қолына ұстата салғанда, немересінің төбесі көкке бір-ақ жетері сөзсіз. Жол жақын қалған сайын поездың жүрісі өнер емес.
fb2epub
Seret dan letakkan file Anda (maksimal 5 sekaligus)