Адам жақсылықты жерден тауып ал¬майды, адамнан үйренеді. Жайнақтың беріп кеткен тоны жыртылар, тозар, ақырында жоқ болар, мейлі жер жұтсын, сөзге тұрмайтын нәрсе, гәп онда емес, сол бармақтай балдырғанның жүрегінде тосын біреудің істеген жақсылығы өмір бойы сақталып қалса, адам болған соң басқаға жақсылық ету міндет екенін жастайынан сезіп қалса, Жайнақтың сауап істегені сол емес пе.