kk
Gratis

Шарль Луи де Монтескьё. Заңдар рухы туралы

91 halaman cetak
Sudahkah Anda membacanya? Bagaimanakah menurut Anda?
👍👎

Kesan

  • b6392970300membagikan kesan5 tahun yang lalu
    👍Layak dibaca

  • Айдана Сейтмуратmembagikan kesan5 tahun yang lalu
    👍Layak dibaca

Kutipan

  • Жанна Сауирбайmembuat kutipan8 tahun yang lalu
    ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
    ЗАҢДАР РУХЫ ТУРАЛЫ
    Ш.Л. Монтескье
    (Аударған А. Құлсариева)
    АЛҒЫ СӨЗ
    Егер осы кітапта сөз болатн шексіз сан алуан нәрселердің ішінен менің өзіме де тосын, күтпеген жерден әлдекімнің көңіліне қаяу түсіретіндей әлдене табылар болса да, теріс пиғылмен жазылған ештеменің болмасы анық. Менің ақыл-ойымның жаратылысынан біреуді күстаналауға бейімі жоқ. Платон /1/ Тәңіріне өзінің Сократ /2/ заманында дүниеге келгендігі үшін алғыс айтса, мен тәңіріме қазір қол астында өмір сүріп отырған үкімет тұсында тудырғаны және көңілін сүйіспеншілікпен мейірлендірген адамдардың айтқанымен жүру бұйырғаны үшін алғысымды айтамын.
    Маған мұндай қайырымдылық жасалмай ма деп қорқамын. Сөйте тұра, жиырма жылдық еңбегімді бір сәт үстірт көз жүгіртуден туған әсермен бағаламаса екен, кітаптағы жеке ой түйіндеуді емес, кітаптың толық өзін қабылдаса екен немесе айыптаса екен деген бір ғана өтінішім бар.Өйткені автордың пиғылы мен көздеген мақсатын тануға , ұмтылуды оның шығармасының пиғылы мен мақсатынан іздеуден бөтен төте жолы қайсы?
    Мен адамдарды зерттеуден бастап, олардың заңдары мен ғұрыптарының шексіз сан алуандығы олардың жалғыз ғана қиял өктемдігінен емес екендігін көрдім.
    Мен жалпыға ортақ бастауларды анықтадым да, жеке оқиғалардың соларға өздігінен дерлік бағынышта болатындығын, халықтың тарихы солардың салдары іспетті екенін және әрбір жеке заңның басқа бір заңмен байланыста немесе басқа, неғұрлым жалпылама заңға тәуелді екенін көрдім.
    Көнеге ой салғанда, мен елеулі айырмашылықтары бар оқиғаларды ұқсас нәрселер ретінде қабылдамау және, керісінше, бір-біріне қаншалықты ұқсас тәрізді көрінетіндерінің айырмашылықтарын аңдамай қалмауым үшін, алдымен сол көненің рухын меңгеруге талпындым.
    Мен өзімнің принциптерімді нанымдарымнан емес, заттардың табиғатының өзінен шығардым.
    Мұндағы ақиқаттардың бірқатары оларды басқа ақиқаттармен байланыстыратын өзек табылғаннан соң ғана бұлжымас сипатқа ие болады. Мәселенің егжей-тегжейіне неғұрлым көбірек ой жіберген сайын, соғұрлым жалпы бастаулардың шынайылығына көзің жетеді. Мен мұндай егжей-тегжейін түгелдей тергем жоқпын, өйткені бәрін айтамын деп отырып, оқырманды зеріктіріп алмасыма кім кепіл?
    Бұл кітаптан қазіргі заманғы шығармалардың өзіндік ерекшеліктеріндей болып кеткен ұшқарылықтар да табылмайды. Көзқарастың белгілі бір кеңдігі жағдайында барлық ұшқарылықтар, қайшылықтар өзінен өзі жойылады; ондай ұшқары пікірлер, қайшылықтар әдетте жазушының ойы тұтасымен заттардың бір қырына ғана ауып, басқаларының бәрін назардан тыс қалдыруы салдарында ғана көрінеді.
    Мен қандай да болмасын бір елдің ұстанымдарын, тәртіп қағидаларын бетіне басу үшін жазып отырған жоқпын. Менің кітабымнан әр халық өздеріндегі қалыптасқан тәртіп түріне түсініктеме табады. Және де бұл кітап қалыптасқан тәртіп қағидаларына әлдебір өзгеріс енгізуді ұсынуға бүкіл мемлекет құрылымын бір қарағаннан байыбына бара танып білу сияқты данышпандық қасиеті бойына тумысынан біткен, әр нәрсенің тереңіне бойлай алатын кемеңгердің ғана құқы бар деген тұжырымға алып келеді.
    Халықты ағарту ісіне салғырт қарауға болмайды. Басқару орындарына тән теріс нанымдар бастапқыда халықтың ескі наным-сенімі болған. Адамдар қараңғылық заманында орасан зор зұлымдық жасап жатып та көңіліне еш күдік алмайды, ал ағартушылық дәуірінде олар ғажайып ізгіліктің өзіне діріл қағып зорға барады. Олар ескі зұлымдылықты жанымен сезеді, оны түзетудің жолын да біледі, бірақ сонымен бірге, осы түзетулердің салдарында туатын жаңа зұлымдықты да ойлап қам жейді. Олар асқан жамандықтан қорыққандарынан бұрынғы нашардың етегінен айырылмайды және бұдан да асқан жақсылықтан күмәнді болса, сол қолдағы бар игіліктерін қанағат тұтады; олар жалқыны тек жалпыны тану үшін ғана қарастырады және де барлық салдарды жете түсіну үшін барлық себептерді зерттейді.
    Егер де мен адамдардың өз міндеттерін, өз әміршісін, оз Отанын және өз заңдарын сүюіне жаңа негіздер табатындай ете алсам, олар кез келген елде, кез келген билік тұсында, кез келген мансапта өздерін ілгеріден гөрі бақыттырақ сезінетіндей ете алсам, онда мен өзімді пенделер ішіндегі ең армансыз жанмын деп есептер едім.
    Егер де мен билік иелерінің қандай нұсқау беру ту
  • b0552922208membuat kutipan2 tahun yang lalu
    Заңдар дегеніміз, осы сөздің ең бір кең мағынасында, заттардың табиғатынан туындайтын қажетті қарым-қатынастар; осы мағынасында, дүниедегі бардың бәрінің өзіндік заңдылықтары болады: олар құдірет иелерінде де, материалды - заттық, әлемде де, адам ақылынан тысқары тұрған тіршілік иелерінде де, жануарларда да, адамдарда да бар.
  • b7320767828membuat kutipan3 tahun yang lalu
    билікке жақсы бағынатын елге айналды

Di rak buku

fb2epub
Seret dan letakkan file Anda (maksimal 5 sekaligus)