bookmate game
kk
Gratis
Шерхан Мұртаза

41-жылғы келіншек

3 halaman cetak
Sudahkah Anda membacanya? Bagaimanakah menurut Anda?
👍👎

Kesan

  • b8309945066membagikan kesan3 tahun yang lalu

    1

  • Al'meritta Veemembagikan kesan5 tahun yang lalu
    💧Menyentuh

    👏👏👏

  • b1235752073membagikan kesan7 tahun yang lalu
    🎯Bermanfaat

    1день🌞

Kutipan

  • b5247811272membuat kutipan8 tahun yang lalu
    Әңгіме
    — Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің Мақсұт?
    Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.
    — Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.
    Ол үндемеді.
    — Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.
    Ол үндемеді.
    —Танымадың ба, Мақсұт? Мен Хадишамын ғой! Сені әне келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол сөзден қорқып тұрсың ғой.
    Ол үндемед
  • Айбол Алтынбекmembuat kutipan2 tahun yang lalu
    Хадиша өз даусынан өзі шошып оянды. Кәдімгі үйі. Үйде жалғыз өзі. Таң атып қалыпты. Сиырды сауып, табынға қосатын уақыт болыпты.

    — Шыннан тағы да түс пе?—деді өзіне-өзі. — Шыннан Мақсұт бір тіл қатпады ма?—деді өзіне-өзі.

    Ал, шындығында, Хадиша Ақшайдан көрген қорлығын арыз етіп айтқанда, сол түсте Мақсұт сай-сүйегі сырқырап егіліп еді. Қаншама
  • b9172161399membuat kutipan2 tahun yang lalu
    Әңгіме

    — Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің Мақсұт?

    Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.

    — Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.

    Ол үндемеді.

    — Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.

    Ол үндемеді.

    —Танымадың ба, Мақсұт? Мен Хадишамын ғой! Сені әне келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол сөзден қорқып тұрсың ғой.

    Ол үндемеді.

    — Босағада тұрғаның қалай, Мақсұт! Төрге шық, өз үйің ғой.

    Хадиша Мақсұтты қолынан ұстап төрге алып шықпақ болып,ілгері аттайын деп еді — орнынан қозғала алмады. Арада екі адым жер, бірақ алынбас асу сияқты. Жілік-жілігіне қорғасын құйып, жерге қағып қойғандай тырп етуге дәрмен жоқ.

    Ал Мақсұт табалдырықта әлі тұр.

    — Сенің келгенің жақсы болды, Мақсұт, — дейді Хадиша. — Туысың Шалабайдың қорлығына шыдай алмай, сені айқайлап тұрып шақырып ем, естіген екенсің... Шалабайдың былтыр күйеуге тиген қызы төркініне түсе келіпті. Ол қызды сен көрген жоқсың, мұнда туған бала ғой. Қағынып, былтыр байға қашып кеткен. Шалабай қызына: «Енді сенің өлігіңді ғана көрейін», — деп еді, бәлені ме, құдасы бақуат неме екен. Шалабайдың көмейіне тас тығылған қасқырдай болды да қалды. Тас қауып, тапқаныңды ит жегір. Мейлі ғой, қыз – жат жұрттық. Күләй тұрмақ, сенің жалғыз қызың Жанат та әлдеқашан тұрмыс құрып, балалы-шағалы боп кеткен. «Қолыма көшіп кел, жалғыздан-жалғыз қайтіп отырасың» деп мың айтып жалынды — бармадым. — «Мақсұттың үйінің түтіні өшпесін — отырамын осында»,—дедім.

    Oй, алжыған басым, бірді айтып, біріне кеткенім... Бәрі анау Шалабайдың қызы Күләйдан шықты ғой. Күләй күйеуімен келіп түсті. Ауыл болып жиылдық. Күйеу мен Күләй алып келген қоржынның аузын өзім ашамын ғой деп отырғанмын. Ата жағынан алғанда, менен жақын кімі бар Шалабайдың? Аталастан осы Мақсұттың үйінен жақын ешкімі жоқ қой, біле-білсе. Білмеді. Айдаладағы Ақшай кемпір ұстады қоржынның аузын. Ақшай кемпірдің бүгінде мұрнынан есекқұрт түседі. Шалы қасында, үш бірдей келіні қызметін істеп тұр. Шифрлеп сегіз бөлмелі үй салдырған, балаларының бас-басына мотоциклі бар. Шалабай шіркін, сенің інің, менің қайным ғой, қайын болмай қата қалғыр, қоржынды маған ұстатуға жарамады.

    Бұрын бір құдайдың басқа салғанына көніп, жоқшылықты да, тоқшылықты да көріп, көндіккен бас қой мына бас. Бірақ анау қорлыққа шыдамадым:

    – Әй, шырақ, — дедім Шалабайға, — аруақ атып кетпесін, — дедім. – Егер Мақсұт болса, мен кіммін? Хадиша болар едім, алдымнан көлденең жүрмес едің сен шірік, — дедім. — Мақсұт жоқ болған соң, мен сияқты жетім кемпірді елемейсің,—дедім. — Аруақ атқыр болмасаң анау Ақшай кім, мен кім?—дедім.—Жөн білмейтін қандай көргенсіз едің,—дедім.—Тұқшиып, төмен қарап, жер шұқылайды, жерге кіргір.

Di rak buku

fb2epub
Seret dan letakkan file Anda (maksimal 5 sekaligus)