kk
Gratis

Освальд Шпенглер. Еуропаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихы морфологиясының очерктері

  • Арайлым Байгубековаmembuat kutipan8 tahun yang lalu
    О. Шпенглердің кейінгі жұмыстары мыналар: «Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихи морфологиясының очерктері. Т. 1. Образ және шындық» (1918), Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихы морфологиясының очерктері. Т. 2. Дүниежүзілік тарихи перспективалар» (1922), «Пруссандық социализм» (1920), «Пессимизм осы ма?» (1921), «Адам және техника (1931), «Шешімдер жылдары. Германия және дүниежүзілік - тарихи даму» (1933) және басқалары. «Европаның құрдымының» бірінші жарық көргеннен бастап Шпенглердің мәдени-философиялық және философиялық-тарихи тұжырымдамасының идеялық қайнарлары жөнінде пікірталас өрістеді. Осы тұжырымның көптеген тұстары орыс ғалымы Данилевскийдің «Ресей және Европа. Славян әлемінің Герман-Романдыққа мәдени және саяси қатынасына көзқарас» (1871 жылы жеке басылым жарық көрді) кітабында баяндалған идеяларды еске түсіретіні анықталды. Бірақ орыс философы В. С. Соловьёв өз кезегінде осы шығарманың неміс тарихшысы Г. Риккерттің «Дүниежүзі тарихының органикалық танымдағы оқулығы» (1857) шығармасымен идеялық және текстологиялық сәйкестігін атап көрсетеді. Алайда, талдау Шпенглер мен Данилевскийдің жекелеген идеяларының сыртқы ұқсастығын ғана көрсетеді; олардың ілімдері танымдық және әдіснамалық негіздері бойынша гүрлі ғана емес, бір-біріне мүлде сәйкес келмейді.
  • Саят Алибековmembuat kutipan8 tahun yang lalu
    ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
    ОСВАЛЬД ШПЕНГЛЕР
    Освальд Шпенглер (Spengler) (29 мамыр 1880, Бланкенбург, Гарц – мамыр 1936, Мюнхен) - немістің философы және тарихшысы, қазіргі заманғы мәдениет философиясының негізін қалаушыларының бірі; XX ғасыр философиясы бағыттарының бірі өмір философиясының өкілі. Ол жаратылыстану ғылымдарын және математиканы Мюнхенде, Берлин мен Галледе оқыды. 1908- 1911 жылдары Гамбургте гимназия оқытушысы болды. Ал 1911 жылдан өмірінің соңына дейін Мюнхенде тұрды. Оның шығармашылығына түрлі дәрежеде А. Шопенгауэрдің, А. Бергсонның, И. В. Гётенің идеялары, сондай-ақ В. Беррингердің эстетикалық ілімі эсер етті. Шпенглер өзін Ф. Ницше мен И. В. Гётеге «бәрі үшін қарыздармын» деп есептеді. О. Шпенглердің кейінгі жұмыстары мыналар: «Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихи морфологиясының очерктері. Т. 1. Образ және шындық» (1918), Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихы морфологиясының очерктері. Т. 2. Дүниежүзілік тарихи перспективалар» (1922), «Пруссандық социализм» (1920), «Пессимизм осы ма?» (1921), «Адам және техника (1931), «Шешімдер жылдары. Германия және дүниежүзілік - тарихи даму» (1933) және басқалары. «Европаның құрдымының» бірінші жарық көргеннен бастап Шпенглердің мәдени-философиялық және философиялық-тарихи тұжырымдамасының идеялық қайнарлары жөнінде пікірталас өрістеді. Осы тұжырымның көптеген тұстары орыс ғалымы Данилевскийдің «Ресей және Европа. Славян әлемінің Герман-Романдыққа мәдени және саяси қатынасына көзқарас» (1871 жылы жеке басылым жарық көрді) кітабында баяндалған идеяларды еске түсіретіні анықталды. Бірақ орыс философы В. С. Соловьёв өз кезегінде осы шығарманың неміс тарихшысы Г. Риккерттің «Дүниежүзі тарихының органикалық танымдағы оқулығы» (1857) шығармасымен идеялық және текстологиялық сәйкестігін атап көрсетеді. Алайда, талдау Шпенглер мен Данилевскийдің жекелеген идеяларының сыртқы ұқсастығын ғана көрсетеді; олардың ілімдері танымдық және әдіснамалық негіздері бойынша гүрлі ғана емес, бір-біріне мүлде сәйкес келмейді.
  • Мира Аширбековаmembuat kutipan8 tahun yang lalu
    қамтиды, бірақ, бүл танып білгеннің жалпы сипатында емес, керісінше тәртіппен, аяқталмаған, қалыптасу үстіндегі көріністер арқылы жүзеге асырылады.
    Дүниежүзі тарихы ретінде оның өзінің дүниежүзі табиғат ретіндегі қарама-қарсылығынан танылған, көріп-білінген,
  • mgaini95membuat kutipan9 tahun yang lalu
    сенімді болды. «Фермопилдер қазірдің өзінде Германияда, Эльзас пен Лотар
  • mgaini95membuat kutipan9 tahun yang lalu
    шешілетінін білгілері келсе, онда мәдениеттің не екенін, оның бізге мәлім тарихқа, өмірге, жанға, табиғатқа, рухқа қатысын, қандай формаларда оның көрінетінін және' ол формалардың - халықтар, тілдер мен дәуірлер, шап қастар мен идеялар, мемлекеттер мен құдайлар, өнер және өнер туындылары, ғылымдар, құқықтық қатынастар, шаруашылық түрлері және көзқарастар, ұлы адамдар мен ұлы оқиғалар - символдар болып табылатынын және осы санада түсіндірілуі қажет екенін ұғыну керек.
    2
    Өлі формаларды танудың құралы - математикалық заң. Тірі формаларды танудың құралы -ұқсату. Сол арқылы әлемнің қарама қарсылығы мен кезеңділігі ажыратылады.
    Дүниежүзілік тарихи құбылыстардың шектеулігін, ғасырлардың, замандардың, жағдайлардың, жеке тұлғалардың типтік қайталанатынын сезіну қашанда болған. Қай бір кезде Наполеонның әрекетін талқылағанда Цезарьдің және Александрдың ойда тұрмауы мүмкін емес, бұл ретте бірінші салыстырудың морфологиялық тұрғыдан қателігін, ал екіншісінің дұрыстығын көреміз. Наполеонның өз басы өз жағдайын Карл Великийдің басына түскен жағдайға ұқсатқан. Конвент Карфагенді айтқанда Англия ойында тұрған. ал якобиндіктер өздерін римляндар деп атаған. Салыстырғанда - Флоренцияны Афинамен,Будданы Христоспен алғашқы христиандықты қазіргі социализммен, Цезарь кезіндегі римдік қаржы магнаттарын янкилермен - барлық жағдайда бірдей негіз болмаған. Петрарка тұңғыш өз ісіне берілген археолог - өйткені, археологияның өзі тарихтың қайталамалығы сезімінің көрінісі, - деп ойлады император Адриан туралы таяуда ғана Сесил Родс өзі және Цицерон туралы айтқан кезде. Ол ағылшындық Оңтүстік Африканың ұйымдастырушысы, кітапханасында өзіне арнап жасалған цезарьлардың антиктік өмірбаяндары болған. Швецияның королі Карл XII үшін оның ерте жастан Александрдың Руф Курций жазған өмірбаянын өзімен бірге алып жүріп, осы басқыншыға еліктеуі түбіне жетті.
    Фридрих Великий өзінің саяси меморандумдарында мәселен, 1738 жыл туралы «ConsiderationsTa» дүниежүзіндегі саяси ахуалды өзінің түсінуін сипаттау үшін, айталық, ол француздарды Филипптің тұсындағы македондықтармен, ал немістерді гректермен салыстыру арқылы ұқсастықтарды келтіруге аса
  • Guldana Usenovamembuat kutipan9 tahun yang lalu
    Освальд Шпенглер (Spengler) (29 мамыр 1880, Бланкенбург, Гарц – мамыр 1936, Мюнхен) - немістің философы және тарихшысы, қазіргі заманғы мәдениет философиясының негізін қалаушыларының бірі; XX ғасыр философиясы бағыттарының бірі өмір философиясының өкілі. Ол жаратылыстану ғылымдарын және математиканы Мюнхенде, Берлин мен Галледе оқыды. 1908- 1911 жылдары Гамбургте гимназия оқытушысы болды. Ал 1911 жылдан өмірінің соңына дейін Мюнхенде тұрды. Оның шығармашылығына түрлі дәрежеде А. Шопенгауэрдің, А. Бергсонның, И. В. Гётенің идеялары, сондай-ақ В. Беррингердің эстетикалық ілімі эсер етті. Шпенглер өзін Ф. Ницше мен И. В. Гётеге «бәрі үшін қарыздармын» деп есептеді. О. Шпенглердің кейінгі жұмыстары мыналар: «Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихи морфологиясының очерктері. Т. 1. Образ және шындық» (1918), Европаның құрдымы. Дүниежүзінің тарихы морфологиясының очерктері. Т. 2. Дүниежүзілік тарихи перспективалар» (1922), «Пруссандық социализм» (1920), «Пессимизм осы ма?» (1921), «Адам және техника (1931),
fb2epub
Seret dan letakkan file Anda (maksimal 5 sekaligus)