kk
Gratis
Мұхтар Әуезов

Дворян ұясы

  • Арайлым Хамитоваmembuat kutipan8 tahun yang lalu
    Мария Дмитриевна жасында сүйкімді, ақсары сұлу атанды; елу жасқа келіп, өңі толып, жайыла түскенмен, әлі де ажары көрікті. Өзі мейірімді болмаса да, сезімтал болатын; жасы жетсе де, институт тәрбиесінің әдетінен құтылмағанды; тез ренжігіш, кейде өз айтқаны болмаса, жылап та қойғыш боп, еркелікті дағды еткен; әдетте өз айтқаны болып, ешкім алдына шықпаса да, ол сыпайы мінезді бола білетін. Мұның үйі қаладағы ең бір жайлы, жақсы үй саналатын. Мұрасы көп болмаса да, ерінің табысы арқылы жиылған мүлкі де мол еді. Екі қызы мұның қолында өскен де, ұлы Петербургте, ең бір жақсы қазыналық тәрбие орнында оқитын.
    Мария Дмитриевнаның қасында, терезе жанында отырған кемпір мұның әкесімен туысқан апасы, бір замандар Покровскіде бұл екеуі көп оңашалық шақтарын бірге кешірген. Кемпір - Марфа Тимофеевна Пестова. Ол қызық адам, мінезі бірбеткей, ойындағысын кімге болса да көзіне айтады; мүлкі аз болса да, өзін-өзі ұстауына қарағанда, сан мыңдар сандығында жатыр деп ойларсыз. Марқұм Калитинді бұл аса жек көретін. Немере сіңлісі оған тигенде, бұл өзінің қыстағына кетіп, он жыл бойы мұжықтың жаман үйінде тұрды. Мария Дмитриевна бұдан қорқатын. Шау тартса да, шашы қара, көзі өткір, үшкір тұмсық, кішкене бойлы Марфа Тимофеевна жүрісте шапшаң, бойы тіп-тік, сөйлегенде анық етіп, жылдам айтып, жіңішке шыңқылдаған дауыспен сөйлейтін, басына ақ қалпақша, үстіне ақ кофта киетін.
    - Немене, ненің жайы? - деп, ол Мария Дмитриевнаға шұғыл бір сұрау беріп: - Неге күрсіндің, апасы?! - деді.
    - Жай! Қандай ғажайып бұлттар! - деген жауап естіді.
    - Немене, сенің оларға жаның ашып отыр ма? - Мария Дмитриевна түк айтпады.
    - Гедеоновский не ғып келмей жатыр? - деп, Марфа Тимофеевна қолындағы тоқыма бізді жүгірте түсті. (Бұл бір үлкен шарф тоқып жүрген-ді.) - Ол келсе, сенімен бірге күрсінер еді, әлде бір өтірік соғар еді.
    - Сол туралы үнемі қатал сөйлейсіз - ау, Сергей Петрович қадірлі адам емес пе?
    - Қадірлі! - деп, кемпір кінәлай кекетті.
    - Ол менің марқұм еріме дос еді! - деп, Мария Дмитриевна: - Әлі күнге ерім жайлы қобалжумен еске алады! - деді.
  • Арайлым Хамитоваmembuat kutipan8 tahun yang lalu
    ДВОРЯН ҰЯСЫ
    РОМАН
    (И. С. Тургеневтен аударған)
fb2epub
Seret dan letakkan file Anda (maksimal 5 sekaligus)