Адай, таз — он екі ата байұлының ішіндегі рулар. Шежіре дерегі бойынша, Кіші жүз құрамындағы байұлы он екі ата, қыздың баласы — Адаймен он үш ата дейтін сөз бар. Мұның мәнісі, Байұлының Қанбибі деген қызынан туған Адай шешеден нәресте кезінде жетім қалады да, Таздың шешесі бауырына салып, Таз бен Адайды тел емгізіп өсіреді. Байұлының басқа бұтақтарына қарағанда, Таз бен Адайдың бір-біріне етете болатыны содан. Таз руынан шыққан Қашқынбай ақынның жеме-жемге келгенде «Емшектес адай қайдасың?!» — деп қолдау күтуінің де бір сыры осында. (А. Сейдімбек).
Осы орайда «Аққу мен қаз егіз, адай мен таз егіз» деген мағыналас мақалды да айта кеткен жөн.