Тамаша жыл - The Big Year

#108. Сценарист, продюсер Жамал Жақсытай: оқиғалардың коллекционерімін

Dengarkan di aplikasi
Бүгін бізде қонақта сценарист, продюсер Жамал Жақсытай. Ол «Тағы да сүй», «Мұздағы жалын», «Таңшолпан», "Ұрлаудан басқа амал жоқ" тәрізді фильмдердің телехикаяларының түсіріліміне қатысқан, өз қолтаңбасын қалдырған.

Оның инстаграмдағы аккаунты: @baqytty_jamal

Уақыт кодтары:

02:10- Кино әлеміне сапар  кездейсоқ ұсыныстан басталды

03:52 -  Ұсыныс жіберген режиссер бұрынғы мектептегі мұғалімім еді

06:00- Тұрақты айлығы бар жұмыстан тәуекелге бел буып, нәтижесі белгісіз жобаға ауыстым

07:04- Қысқа мерзімдік пайда vs ұзақ мерзімді инвестиция

09:25 - Кішкентай кезімде журналист боламын деп ойлайтынмын

10:54 - Камераның сыртындағы жұмыс маған ләззат сыйлайды

13:08 - Осы саладағы университеттерге қарнымның ашуының бір себебі ...

14:04 - Студенттер жұмыс істеу үшін көбіне дипломын күтеді

16:40 - Сценарий жазудың өз ережесі бар, үйрену керек, оқу керек

19:05 - Сценарийді ұйымдастыруда кайдзен жүйесін де қолданамын

22:10 - Өмірде болып жатқан оқиғаларға, жаңалықтарға бәріне назар аударуға тырысамын

23:15- Оқиғаларға дәмдеуіш іздегенде, коллекцияма қараймын

24:10- Сценарий жазып жатқанда достарым хабарласып қалса, аттарын кездейсоқ фильмде кездестіруі мүмкін :)

25:10 - Сценарий жазғанда сол саладағы фишкаларды зерттеймін

27:02 - Әр серияның соңындағы интрига маңызды

30:04- Плагиатқа қарсымын, ұнатпаймын. Алайда білгеніміз бен көргеніміз туындымызда қолтаңба қалдыруы мүмкін.

32:40 - Әсіресе америкалық сериалдарды және триллер жанрындағы киноларды көргенді ұнатамын

33:50 - Таңшолпан телехикаясын әдейі жарылуыға дейін 9 секунд қалған кадрмен аяқтадық

35:08 - Таңшолпан телехикаясын студиядан бір жарым ай бойы шықпай жаздық

39:36 - Сүйікті жұмысыңда шаршау да бір бақыт, ләззат сыйлайды

42:17 - Әр жобаны біткеннен кейін өзіңнің өскеніңді байқайсың

43:05- Сәл қиялшыл халықпыз, армандағанды жақсы көреміз

45:10 - Хикаяны қолымнан келгенше жазуға тырыстым.

45:54- Елдегі кино түсірудегі қиындықтар

48:25 - Продюсерлік жұмыс, өзімнің талапшыл екенімді байқадым

53:08 - Кадр деген тарих, ол жерде қателесуге болмайды

53:39 - Сценарий жазу бойынша марафорн, курстар

56:10 - Бақытты Жамал

57:30 - Алдағы жоспарлар
1:01:07
Tahun publikasi
2021
Sudahkah Anda membacanya? Bagaimanakah menurut Anda?
👍👎
fb2epub
Seret dan letakkan file Anda (maksimal 5 sekaligus)